Әжім кетіретін 8 түрлі нәр... 1. Қызанақ (помидор). Құрамында дәрумен мол болады, оның ішінде С дәруменінің құрамы көкөніс түрі бойынша алдыңғы орында, ол теріні ұтымды түрде қорғай алады; Ондағы мол А дәрумені терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп мүйізгектенуінің алдын алады. Қызанақты ұсақтап турап, жаншып шырынын шығарып алып, оған азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді тіпті жақсы кетіреді. 2. Мандарин. Мандарин құрамындағы В дәруменінің теріні жию және жұмсарту рөлі болады. Мандаринді қабығымен жаншып, спиртке шылап, үйлесімді мөлшерде бал қосып, бір апта қойып, бетке жақса, теріні жұмсартуға және әжімды кетіруге өнімі болады. 3. Банан. Бананды езіп, оған жарты қасық зәйтүн майын қосып, біркелкі араластырып, бетке жақса әжімді кетіреді. 4. Талшын. Талшын жемісінің дәнін ұнтақтап алып, балға араластырып, батке жақса теріні үлбіретіп, бетті жылтыратады. 5. Сиыр сүті. Бет жуған соң сиыр сүтін жағып, иектен өрлей массаж шөткімен айналдырып массаж жасап, сиыр сүтін теріге толық сіңірсеңіз, беттің қан айналысын тездетіп, терінің қоректенуін жақсартып, оттегімен қамдау мөлшерін жоғарылатады. Сонымен тері әуелгідей серпімді қалыпқа келеді, жүзіңіз нұрланып, әжіміңіз азаяды. 6. Жұмыртқаның ағы. Азырақ жұмыртқа ағына жаңа сауылған сүт, бал және ұн қосып араластырып, қоймалжың ботқа жасап, бетке тегіс жағады. 15 минут өткен соң жуып тастаса, теріні жұмсартады, жияды, әжімін кетіреді.

Теги других блогов: продвижение SEO Google